Алматыда 4-7 маусым аралығында белгіленген шектеулерді бұзған 36 жағдай анықталды. Демалыс күндері мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеді, – деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Айта кетсек, Алматыда 4-інен 5-ші маусымға қараған түні белгіленген шектеуді бұзған 19 жағдай анықталды.
Тәртіп бұзғандар тізімінде:
Әуезов ауданындағы «Достар сарайы» мейрамханасы 150 адамға арналған үйлену тойын өткізген. Сол уақытта Бостандық ауданына қарасты Han Sarai мейрамханасында да той өткен. Медеу ауданында The Monkey кафесінде 150-ге жуық адам болса, «Небо» барында да 120-ға жуық адам жиналып, заңбұзушылыққа жол берген.
5-інен 6-шы маусымға қараған түні тексерушілердің мобильдік тобы белгіленген шектеуге бағынбаған 14 жағдайды анықтады.
Наурызбай ауданындағы «Ильхам» мейрамханасында 150 адамға есептелген салтанатты іс-шара өткен.
Бостандық ауданының тексерушілері «Hide Park» ойын-сауық паркінің фудкортында 150-ге жуық адамның жиналғанын анықтады.
Медеу ауданында ішінде 150-ге жуық адам болған «Атмосфера» мейрамханасын анықтады. Тағы бір заң бұзушылық 200 адам жиналған «Лейд Найд шоуда» анықтады.
6-нан 7-ші маусымға қараған түні мегаполисте 3 заң бұзушылық тіркелді.
«Дос» компьютерлік клубында 40-қа жуық адам болса, Медеу ауданындағы «Пинта» барында да 100-ге жуық адам жиналып, заңбұзушылыққа жол берген.
Осы жылдың 20 наурызы мен 7 маусым аралығында барлық белгіленген шектеулерді бұзған 1088 жағдай анықталды.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға, жұқтыру қаупін азайту мақсатында салтанатты іс-шараларға, адам көп жиналатын жерден аулақ болуға шақырады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі