Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев Nur Otan-ға жүгінген азаматтармен қабылдау өткізді

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев партияның қоғамдық қабылдауына жүгінген қалалықтардың сұрақтарына жауап берді.

Жетісу-3 шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша құрылысы ұзаққа созылған нысан орналасқан учаскені салушы алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша тұрғындармен кездесіп, барлық құжаттар мен жобаларды көрсететін болады. Мұнда іргелес аумақтар мен ауланы абаттандыру ескерілуі тиіс. Тұрғындар пікірі ескерілмесе құрылысты салуға рұқсат берілмейді.

Алмалы ауданы тұрғындарының сауда нысанының орнына балалар спорт алаңын салу туралы өтініші де қолдау тапты.

Ходжанов көшесі бойындағы №76 үйдің тұрғыны Н. Котованың сауалы бойынша ауланы жаңарту келесі жылға жоспарланған. Алайда, Nur Otan АҚФ төрағасының тапсырмасы бойынша биыл футбол алаңы жасалып, жаз кезінде балалардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік туады.

Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Теректі шағын аудан тұрғындарының көлік жолайрығын салу жөніндегі сұрақтары пысықталады, құрылыс жүріп жатқан жерге барып, мәселе зерделенеді. Бұдан өзге, өтініш білдірген қала тұрғындарына «Курортное» саяжай аумағында және Қарағайлы шағын ауданында инженерлік желілерді салу мерзімі хабардар етілді.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.