Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев алматылық түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында алматылық мектеп түлектері мен мұғалімдерді құттықтады.

Әкім биыл 11 337 мектеп бітіруші үшін қоңырау соғылатынын хабарлады. Жас түлектің 642-сі «Алтын белгіге», 758-і үздік аттестатқа үміткер екенін айтты.

Биылғы оқу жылы пандемияға байланысты толығымен онлайн форматта өтті. Оқушылардың 97%-ы қашықтан білім алды.

«Мұғалімдер шыдамдылық танытып, ата-аналар қолдау білдіріп, ал балалар еңбекқорлығы мен күш-жігерін көрсеткені үшін алғыс айтамын», - деп жазды әкім және үйлесімді жұмыстың арқасында балалар оқуда жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Еске салсақ, Алматы командасы оқушылар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиада 18 рет жеңіске жеткен болатын.

«Құрметті түлектер! Жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұрсыздар. Аңсаған армандарың орындалып, алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер! Сіздерге зор денсаулық пен табыс тілеймін! Ақ жол!», - деп қорытындылады қала әкімі.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.