Кафе иелерін карантинді бұзбау үшін «Ashyq» қосымшасына ауысуға шақырады. Мысалы, 21 мамырда Бостандық ауданының бақылау тобының өкілдері белгіленген жұмыс режимінен ұзақ жұмыс істеген «Эверест» кафесінде болды. Әкімшілікке «Ashyq» жобасының мүмкіндіктері туралы, соның арқасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 22.00-ден артық жұмыс істеуге болатынын айтып берді.
Мониторинг тобының өкілі Нұрхан Сарыбағаштың айтуынша, тексеру кезінде сағат түнгі 23.57-ні көрсеткен. Жазғы кафеде шамамен 20 адам болған. Келушілерге маскасыз қызмет көрсетілген. «Біздің тобымыздағы Атамекен ҰКП-ның маманы «Эверест» кафесінің әкімгеріне «Ashyq» жобасы туралы айтып берді. Дүйсенбі күні мекеме иесі QR-кодты алуға өтінім беріп, келушілерді қосымша арқылы қабылдай алады», - деді Н. Сарыбағаш.
21 мамырдан 22 мамырға қараған түні мегаполисте екі карантиндік бұзушылық анықталды. Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қолданыстағы қаулысымен сәйкессіздіктер анықталған екінші мекеме Әуезов ауданында орналасқан «Тайм» лаунж-барында 30-ға жуық адам болған. Келушілердің әрқайсысымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 21 мамырға қараған түні бұдан да көп заң бұзушылықтар анықталды. Алматының 6 мекемесінде белгіленген шектеулер бұзды.
Мысалы, «Marseille» караокесі белгіленген кестеден ұзағырақ жұмыс істеді. Барлығы 40-қа жуық адам мекемеден шығарылды. Құқық бұзушылық Әуезов ауданының «Мята» лаунж-барында кезекті рет анықталды.
20 наурыз бен 22 мамыр аралығында Алматы қаласының мониторингтік топтары белгіленген шектеулердің 874 бұзушылығын анықтады. Анықталған нысандардың жалпы саны-613 мейрамхана, кафе мен дүкенге, 113 компьютерлік клубқа, 16 бильярд клубына, 44 SPA-салонға, 28 саунаға, 2 кальян барына, 29 караоке клубына, 22 лото-клубқа, букмекерлік кеңсеге, 20 түнгі клубқа жатады. Полиция бекеттеріне 3327 адам жеткізілді.
Еске салсақ, Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Осыған байланысты тұрғындар, оңтүстік астананың қонақтары, кәсіпкерлік субъектілері карантиндік режимді қатаң сақтаулары тиіс.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі