29 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 526 адам коронавирус инфекциясынан (42 038 КВИ+ және 488 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 709 пациент стационарда, 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 760 адамның жағдайы ауыр;
• 199 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 114 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 27 сәуірдегі мәлімет бойынша 112 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған. 83 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 52 739, өлім жағдайлары - 791, барлығы 51 460 адам сауығып шықты.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК