22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 39 859 адам коронавирус инфекциясынан (39 385 КВИ+ және 474 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 034 пациент стационарда, 25 825 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 679 адамның жағдайы ауыр;
• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 100 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 20 сәуірдегі мәлімет бойынша 123 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 74 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 52 148, өлім жағдайлары - 761, барлығы 50 913 адам сауығып шықты.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК