20 сәуірдегі мәлімет бойынша, 38 997 адам коронавирус инфекциясынан (38 634 КВИ+ және 363 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 836 пациент стационарда, 25 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 663 адамның жағдайы ауыр;
• 176 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 18 сәуірдегі мәлімет бойынша 11 жаңа жағдай тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталған. 47 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 51 890, өлім жағдайлары - 754, барлығы 50 773 адам сауығып шықты.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК