Алматы қаласы көлік холдингінің ақпаратына сәйкес, «Олжас Ltd» ЖШС-нің №215 маршруты енді Сүйінбай даңғылынан Хмельницкий көшесіне бұрылып, «Жас қанат» ықшамауданындағы №28 қалалық емханаға дейін барады, сол жерден кері бұрылып, Сүйінбай даңғылына қарай қайтады. Ары қарай бағыт бойынша жүреді.