Алматы қаласында гирдрометеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, бес күн бойы орташа тәуліктік ауа температурасы +8⁰ және одан жоғары болғандықтан, қала әкімдігі 13 сәуірден бастап 2020-2021 жылғы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады.
Жылумен жабдықтау қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, ортақ жылу энергиясын есептеу құралы орнатылмаған үйлердегі тұтынушылардың аяқталған жылыту маусымы бойынша қаржысын қайта есептеу және қайтарып беру 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады
Ақпарат көзі: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС