Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы жолдарындағы екі мыңнан аса ақау жөнделді

Қазіргі кезде қала жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары ауқымды түрде жүзеге асырылып жатыр. Сәуір айының басынан бері ауа райы қолайлы болғанда қаланың 203 көшесіндегі 2000-нан аса ақау (шұңқыр, ойық, шөгу) жөнделді. 22 000 шаршы метр жол жабыны жөнделіп, 588 люк пен тор көтерілді, 945 п.м ернеу тастары түзетілді.

Жол жөндеу жұмыстарын күнделікті 400 маман мен 155 арнайы техника жүзеге асырады.

12 сәуірдегі жағдай бойынша мына көшелерде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған:

  1. Рысқұлов даңғылы
  2. Жансүгіров көшесі
  3. Ратушный көшесі
  4. Жанқожа батыр көшесі
  5. Набережная көшесі
  6. Байтенов көшесі
  7. Боралдай ықшамауданы, Барыс көшесі
  8. Достық даңғылы
  9. Шығыс айналма жол
  10. Жұлдыз ықшамауданы
  11. Дегдар көшесі
  12. Папанин көшесі
  13. Кәкішев көшесі
  14. Сланов көшесі
  15. Калмыков көшесі
  16. Тәжиев көшесі
  17. Алтын бесік ықшамауданы
  18. Жұбанов көшесі
  19. Атамекен ықшамауданы
  20. Сүлейменов көшесі
  21. Розыбакиев көшесі
  22. Науаи көшесі
  23. Әйтеке би көшесі
  24. Байтұрсынов көшесі, Құрманғазы көшесінен бастап
  25. Жұмалиев көшесі
  26. Досмұхамедов көшесі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.