Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев күрестің Әлемдік бірлестігінің (UWW) президенті, ХОК Атқару комитетінің мүшесі Н. Лаловичпен кездесті.
Кездесу барысында 9 мен 11 сәуір аралығында Токиода өтетін Олимпиадаға жолдамалар алуға арналған Азиялық іріктеу турнирін және 13-18 сәуір аралығында Алматыда күрестен Азия чемпионатын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Алматыда өтетін Азиялық олимпиадалық іріктеу турниріне 25 елден 205 спортшы тіркелді. Азия чемпионатына ересектер арасынан грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша 344 спортшы тіркелді.
Алқалы спорттық шараны ұйымдастырушылар - «ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитеті» ҚҰ, Алматы қаласының әкімдігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, UWW Asia, «ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі» РҚҰ.
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарындағы күрес жарысына 18 марапаттар жиынтығы үшін күресетін 288 спортшы (192 ер адам және 96 әйел) қатыса алады. Әр елдің атынан әр салмақ дәрежесінде бір спортшыдан ғана (12 ер адам және 6 әйел) қатыса алады. Олимпиада ойындарына әр салмақ дәрежісінде 16 спортшы жіберіледі. Біліктілік ережелеріне сәйкес көпшілігі 2019 жылғы әлем чемпионатында бөлінген еді.
Сондай-ақ, квоталардың көп бөлігі құрлықтық іріктеу жарыстарында (Африка/Океания, Азия, Америка, Еуропа) бөлінеді, онда финалистер Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алады. Соңғы кезең Болгариядағы Әлемдік іріктеу турнирі болып табылады, онда финалистер Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат алады.
Спорттық шаралар карантиндік шектеулерге сәйкес көрерменсіз өтеді. Шараға қатысатын спортшылар мен оларға еріп жүретіндер ПТР-тестілеуден өтті. Вирустың таралу қаупі жоқ.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі