Instagram әлеуметтік желісінде «Жандарбек Бекшин Алматыдағы карантиндік шектеулерді өзгертті... Көптеген нысандарға демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды...» деген ақпарат жарияланды.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл ақпарат жалған екенін хабарлайды.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы қаласында коронавирустық инфекция таралуын шектеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» соңғы №15 қаулысы 2021 жылғы 2 сәуірде шыққан.
Бұл ретте жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.