31 наурыздағы мәлімет бойынша, 24 642 адам короновирус инфекциясынан (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 327 пациент стационарда, 16 315 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 353 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 29 наурыздағы мәлімет бойынша 82 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған, 199 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 50 525, өлім жағдайлары - 688, барлығы 48 036 адам сауығып шықты.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК