29 наурыздағы мәлімет бойынша, 23 797 адам короновирус инфекциясынан (21 691 КВИ+ және 2 106 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 102 пациент стационарда, 15 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 351 адамның жағдайы ауыр;
• 79 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 27 наурыздағы мәлімет бойынша 22 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған, 217 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 50 433, өлім жағдайлары - 682, барлығы 47 645 адам сауығып шықты.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК