Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының медициналық ұйымдарында төсек-орын, құрал-жабдық, дәрі-дәрімек пен мамандар саны жеткілікті

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нариман Табынбаев хабарлады.

Бүгінгі күні Алматыда коронавирустық инфекцияның 297 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, өткен тәулікте 143 науқас сауығып шықты. 3 адам өлімі тіркелді.

«Қала толығымен дайын. Пандемияның ең асқынған кезі жүріп жатыр, соңғы екі аптада біз вирус жұқтырып, тіркелгендер санының күрт өскенін байқадық. Күніне КВИ тіркеудің 400-ге жуық жағдайы анықталды. Бүгінгі таңда бәсеңдеу үрдісі байқалады - 297. Ауруханаға жатқызу жағдайлары да азайып келеді. Кеше Алматы стационарларына 88 науқас жатқызылды», - деді Н.Табынбаев.

Стационарлық емдеуде 1 239 адам (оның ішінде 64 бала) жатыр. Ересек 13 науқастың жағдайы өте ауыр, оның ішінде 131-і ауыр, 1095 науқастың жағдайы орташа ауырлықта.

«Өткен жылдың өзінде Алматыда коронавирус инфекциясымен күрес аясында КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды қабылдау үшін жеткілікті төсек қоры құрылды. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде 298 мобильді бригада құрылды, онда 948 қызметкер жұмыс істейді. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің мақсаты – пациенттерді амбулаториялық деңгейде мониторингтеу, диагностикалау және емдеу. Бүгінгі күні қала бойынша 7 011 инфекциялық төсек-орын, оның ішінде 250 реанимациялық орын бар», - деп хабарлады Нариман Табынбаев. Іске қосылған 3400 төсек-орынның 29%-ы, реанимациялық төсек-орындардың 27% - ы қолданыста.

Пандемия басталған уақытта Алматыда 500 төсек-орын арналған 2 инфекциялық стационар жұмыс істеді. 2020 жылдың шілде айында Алматының 27 медициналық ұйымы КВИ-мен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсетті. Сонымен қатар, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының шешімімен 280 төсек-орынға арналған И.С. Жекенов атындағы модульдік клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, содан кейін 300 төсек-орынға Балалар қалалық модульдік клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы және 500 орынды РВ-90 инфекциялық ауруханасының екінші филиалы пайдалануға берілді.

Барлық нысандар 100% медициналық оттегімен қамтамасыз етілген.

«6 стационарда оттегі газдандыру станциялары салынды, біз тағы 12 станцияны пайдалануға беруге дайындап жатырмыз. Осылайша, 1 деңгейлі инфекциялық ауруханалардың жансақтау және реанимация бөлімшелерін оттегі жабдықтарымен толық қамтамасыз ету жүзеге асырылды», - деп хабарлады Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Консервацияда ауырлығы жеңіл дәрежедегі пациенттерді емдеу үшін сыйымдылығы 1000 пациентке дейін қайта жабдықталған «Халық Арена» спорт кешені орналасқан.

«Бір жылдан кейін, пандемия басталғаннан бері Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық ұйымдарында тек КВИ-мен ғана емес, басқа да аурулармен ауыратын науқастарды емдеуге арналған стационарлар, төсек-орындары, жабдықтар, дәрі-дәрмектер және мамандар саны жеткілікті», - деп атап өтті Н.Табынбаев.

ВАКЦИНАЦИЯ

1-кезең бойынша ақпан айында 1750 медицина қызметкеріне вакцина егілді, олардың барлығы ревакцинациядан өтті.

Екінші кезең 20211 жылдың 1 наурызы күні басталды. Қосымша Спутника-V вакцинасының 10 800 дозасы алынды. Қазіргі таңда 6 225 адам вакцина алынды (жоспардың 57,6%). «Қауіпті аймақта» жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің 60% -ы, оқытушылардың 10%-ы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 20%-ы вакцина алды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.