Бұл туралы аудан әкімі Бақытжан Ақжаров өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады
«Сүйінбай даңғылы, 465 мекенжайда орналасқан №86 балабақша мен Физули көшесі, 71 мекенжайдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың Алматы қалалық оңалту орталығы ғимараттарын сейсмикалық күшейту бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба бойынша ғимараттардың тірек құрылымдары нығайтылды, қабырғалары, едендері мен төбелері толығымен ауыстырылды, материалдық-техникалық жабдықтар жаңартылды».
Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша нысандарды жөндеу жұмыстары өткен жылы көктемде басталды. Жобалық қуатына сәйкес әр мекеме 100 баланы қабылдай алады.
Еске салсақ, ауданда орналасқан оңалту орталығы нашар көретін, нашар еститін, қозғалысы, интеллекті, дамуы төмен және дұрыс сөйлей алмайтын, көңіл-күйлері нашар 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға психологиялық, педагогикалық, коррекциялық көмектер көрсетеді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі