Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Өлім-жітімді азайту бойынша біз іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны орындаймыз» — Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

ӨКҚ-де Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің қатысуымен денсаулық сақтау жүйесіндегі қазіргі жағдай туралы брифинг өтті.

«Қазіргі уақытта аурулары онкология, пульмонология, жарақаттармен және қан айналымы жүйесімен байланысты аналар мен сәбилер арасындағы өлімді азайту жоспарлары жасалуда — біз осы аталған барлық басым бағыттар бойынша шаралар жоспарын жасап, оны орындаймыз», — деп Л. Мырзағали журналистер сұрағына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеті көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 24 көрсеткіш пен индикаторлардың 21-і бойынша жоспарлы мәндерге қол жеткізілді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ана мен бала өлімінің алдын алуға ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл ретте ана мен баланы қорғау, АМСК, әйелдер консультациялары және босандыру ұйымдарының жұмысы күшейтілетін болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.