Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда COVID-19-ға қарсы вакциналау барысы туралы

ӨКҚ алаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің қатысуымен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.

«Ақпанның бірі күні біздің емханаларға СПУТНИК-V препаратының 1750 дозасы жеткізілді, дәл осынша медицина қызметкері 1 кезеңде екпе алды. Медициналық себептерге байланысты шеттетілгендер дәрігерлердің рұқсатынан кейін егіледі. Үш қызметкер өздігінен бас тартты. Ревакцинация 22 ақпанда басталып, әлі де жалғасуда. Екінші компонентті 1379 қызметкер алды. Наурыздың бірі күні Алматыға тағы 10 800 доза вирусқа қарсы вакцина жеткізіліп, екінші кезең басталды. 15 емханаға тағы 24 медициналық ұйым қосылды. Осылайша, екінші кезеңге 39 емхана қатысуда. Қазір «қауіпті аймақта» қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлері екпе алуда. Бүгінгі күнге дейін 380 адамға вакцина егілді», — деді ол.

Сондай-ақ, спикер Алматы қаласының «сары» аймаққа көшуін ескере отырып, карантин шараларын сақтауға шақырды.

«Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдай бізде «жасыл» аймақтан «сарыға» ауысты. Сондықтан карантиндік ережелер мен нормаларды сақтау қажеттілігі туралы тағы да еске салғым келеді – бетперде кию, өз денсаулығы үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармау, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Алматының «жасыл» аймақта болуына және коронавирус қаупінен тезірек құтылуымыз үшін бірге ат салысайық», — деді Лаура Мырзағали алматылықтарға.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.