«Алматыэлектротранс» ЖШС №105 маршруты енді бір жағынан Универсиада көшесінен Момышұлы көшесіне шығады да, Төле би көшесіне бұрылып, Car city сауда орталығына дейін барады. Ары қарай бағыт бойынша жүреді.
Екінші жағынан Приканальная көшесінен Нұржауған көшесіне бұрылып, Аруана көшесінен кері қайтады. Кері бағытта Қалалық патологоанатомиялық бюроға кіреді. Ары қарай бағыт бойынша жүреді.
Ақпарат көзі: Алматы көлік холдингі