Сонымен қатар ол қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылып, су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстарын бастап кеткендігін атап өтті. Сәйкес тапсырманы қала әкімі Бакытжан Сағынтаев берді.
Сондай-ақ күн жылығаннан кейін қаланың арық жүйесі іске қосылатын болады.
«Қаладағы ирригация толыққанды жұмыс істеп тұр. Барлық қажетті материал мен техника әзірленді» — деді Қожағапанов.
Осы ретте Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарына баса назар аударылады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі