Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда «Баршаның назарына!» дабыл белгісі қосылады

Алматы қаласы тұрғындарының назарына!

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55-те тұрғындарды құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.

Тексеру барысында электр дабылын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, теле және радио арналарын автоматты түрде қамту арқылы халыққа құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылған.

Осыған байланысты Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады.

Бұл ретте Алматы қаласының ТЖД электр дабылын қосу кезіндегі ережені еске салады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

  • радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыз;
  • жедел хабарламаны тыңдаңыз;
  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:

  • көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін жедел хабарламаны тыңдаңыз;
  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.