24 ақпанда Алматыда сағат 16.00-де қар аралас жаңбыр жауа бастады, ол 25 ақпанда сағат 1.00-де қарға айналып, ауа температурасы минус 10 градусқа дейін төмендеді.
Сағат 6.00-ге дейін қалада 15-20 см, таулы аймақтарда 25-35 см қар жауды.
Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды.
Қар тазалау жұмысына 560 техника, оның ішінде 211 құмлақтырғыш пен 1490 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы 3540 тонна материал пайдаланылды.
3.00-ден бастап қар күреу үшін жол полициясы патрульдік машиналарының еріп жүруімен колонналар ұйымдастырылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жерүсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қарды шығару жұмыстары басталды, таңертеңгі қарбалас уақыттан соң қарды сыртқа шығару жоспарланған.
Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі