Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының медициналық ұйымдарындағы қадағалаушы кеңестердің жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды

Қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров медициналық ұйымдардың қадағалаушы кеңестерінің төрағаларымен және бас дәрігерлермен корпоративті басқару және менеджмент деңгейін көтеру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Отырыста өткен жылдың қорытындылары шығарылды, сондай-ақ Алматыдағы 63 медициналық ұйымдарда құрылған қадағалаушы кеңестер қызметінің күшті және осал жақтары қаралды.

Ержан Бабақұмаров бірқатар бағыттар бойынша қадағалаушы кеңестердің жұмысын күшейту әрі сапасын арттыру қажеттігін тапсырды. Бұл менеджменттің ашықтығын, ішкі қадағалауды және тәуекелдерді басқаруды жақсартады.

Қадағалаушы кеңестердің міндеті медициналық ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады. Осыған байланысты стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу және шығын жүйелерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттарын кеңейтуге ерекше назар аудару қажет.

Қадағалаушы кеңестерінің жұмысын жақсарту және ынталандыру үшін қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров олардың корпоративті басқаруға қосқан үлестерін дер кезінде бағалауды тапсырды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.