Бүгін аудан әкімдерінің Алматы қаласы халқының алдында кезекті есеп беру кездесуі өтті. Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева өткен жылы жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, 2021 жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді. Кездесу барысында тұрғындар тікелей аудан әкіміне сұрақтарын қоя алды.
Әлеуметтік сала
Жетісу ауданында көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды және әлеуметтік осал топтартарды қолдау мақсатында «Шыңға өрлеу», «Домбыра мектебі» және басқа да әлеуметтік клубтар бар. Ауданның бес жерінде 7-12 жас аралығындағы балаларға арналған тегін футбол және волейбол секциялары ашылды. Секциялар ауданның 300 астам балаларын қамтыды.
Ауданда Тайланд тәжірибесімен спорттың 10 түрі бойынша «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы» алғашқы жаттығу орталығы салынды. Балаларды қамту 400 адамға жетті.
Қолжетімді спортты дамыту мәселесі осы жылы Құлагер, Айнабұлақ және Кемел шағын аудандарында жаңа 3 спорт кешенін ашу есебінен шешілетін болады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.
Сонымен қатар, жасөспірімдер спортын қолдау үшін бірінші жартыжылдықта Құлагер, Көкжиек және Көкмайса шағын аудандарында ашық далада орналасқан 3 жекпе-жек орталығы пайдалануға беріледі. Көкмайса шағын ауданында балалар шығармашылығының орталығын ашу жоспарланып отыр, онда балаларға арналған тегін және зейнеткерлердің бос уақытын өткізуге арналған үйірмелер болады.
Халықты жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылуын қолдау
Кездесу барысында әкім жұмыспен қамту мәселесі кәсіпкерлік секторды дамыту есебінен шешілетінін атап өтті. «Рахат кз», «Алатау» базарларын жаңғырту және «Керемет» сауда үйін салу аясында 1250 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Биыл «Вираж» автосалонының құрылысы аяқталғаннан кейін 150 жұмыс орны ашылады.
Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде оқушы орындарымен қамтамасыз ету
Гүлнәр Көкебаева өз сөзінде атап өткендей, Жетісу ауданының тұрғындарын әлеуметтік сала мәселелері толғандырады. Оқушы орындарының жетіспеушілігін шешу үшін ауданда жұмыс істеп тұрған мектептерге жапсаржай құрылысы, білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде.
Осылайша, биылғы жылы №57, 102, 177 мектептерде 1050 жаңа оқушы орнына арналған қосымша құрылыс жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, 850 оқушыға арналған №112, 148, 103 мектептерге қосымша тағы үш жапсарлас құрылыс басталады.
«Біздің ауданымыз да жаңа балабақшаларды ашуға үлкен қажеттілікті сезінуде, өйткені адамдар жыл сайын балабақшаға балаларды беру үшін кезекте тұрады. Бұл мәселені біз сондай-ақ біздің ауданда бірнеше қараусыз қалған балабақша ғимараттарын жөндеу арқылы шешетін боламыз. Осы жылы біз Айнабұлақ-4 шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақша салуды бастаймыз», — деді аудан әкімі.
Аудан тұрғындарын әлеуметтік қолдауға да көп көңіл бөлінеді.
2019 жылдан бастап ауданда «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы жұмыс істейді, «Isker Ana» бағдарламасы іске асырылуда. 2020 жылы аталған орталықта 1116 адам тіркелген. 26 000 қызмет көрсетілді. 345 көп балалы ана түрлі курстар мен тренингтерде оқудан өтті.
Ауданда барлығы 1969 көп балалы отбасы, 274 көп балалы отбасы 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алды. Атаулы әлеуметтік көмекті барлығы 682 отбасы алды. Тұрғын үй көмегін 177 отбасы алды.
Медицина қадамдық қолжетімділікте
Аудан тұрғындарын қолжетімді медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін Кемел шағын ауданында жаңа амбулатория және Жұмысшы кентінде әйелдер консультациясымен, күніне 240 келушіге арналған емхана салу жоспарлануда. Сондай-ақ, №11 емханаға күрделі жөндеу жүргізіледі.
Жол және инженерлік инфрақұрылым
Жол инфрақұрылымы мәселелерін шешу мақсатында ұзындығы 18 км 10 көшенің жолдарын жөндеу жоспарлануда, 8 км астам кәріз желілері салынады және 29,3 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылады.
Жарықтандыруға келер болсақ, өткен жылы 84 көшеде жарық жүргізілді. Биыл аудандағы барлық көшелерді жарықтандыру жоспарлануда.
Аудандағы, атап айтқанда, Жұмысшы кентіндегі үйлерді су басу мәселесін шешу үшін биыл 4 км арық желілеріне жөндеу жүргізіледі. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлегеннен кейін ұзындығы 37,5 км арықтарды салу және реконструкциялау бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда.
«Бюджетке қатысу»
«Бюджетке қатысу» жобасы аясында 19 жоба іске асырылады: Сейфуллин даңғылындағы 2 көпірді жаңарту, ауданның 4 зиратын абаттандыру, аулаларды жөндеу және Құлагер шағын ауданында скейт парк құру.
Өткен жылы осы жоба бойынша Айнабұлақ, Көкжиек, Құлагер ш / а. гүлзарлары мен жалпы ауданы 58 га. жаяу жүргіншілер аймағына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ескі баспана
Әкімнің тапсырмасына сәйкес аудандағы «ескі» орамдарды кешенді қайта құру бойынша ескі үйлерді бұзу жоспарлануда, олардың тұрғындары жаңа пәтерлерге ие болады. Ауданда барлығы 163 ескі үй бар.
«Көптеген тұрғындарды толғандыратын мәселелердің бірі – ескірген тұрғын үй. Бұл мәселе шешіле бастады. Крылов-Скрябин-Гончаров көшелері мен Райымбек даңғылының квадратында құрылыс жұмыстары басталды. Бұзылған 16 үйдің орнына 11 үй немесе 944 пәтер салынады. Аяқтаудың жоспарланған мерзімі-2022 жылдың желтоқсаны», — деді Г. Көкебаева.
Казаков, Скрябин, Боткин көшелері мен Райымбек даңғылының шаршысында ескі үйлерді көшіру және бұзу жұмыстары басталады, аяқталуы — 2024 жыл. 119 пәтерден тұратын 14 үйдің орнына 767 пәтерлік 13 үйдің құрылысы жоспарланған.
Ескі үйлерден басқа, ауданда 5 апатты үй бар, олардың тұрғындарын 2022 жылдың басында әлеуметтік үйлерге көшіру жоспарланған.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі