Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда бірыңғай оқушы картасы енгізіледі

Алматы қаласының Білім басқармасы бірыңғай оқушы картасын енгізуді жоспарлап отыр.

«Бұл карта мектепке кіру мен шығуды, мектеп асханаларында тамақтану және қоғамдық көліктерде жолақысын (мобильді қосымша арқылы) есепке алуға мүмкіндік бермек», - деп атап өтті Білім басқармасы.

Қаладағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының оқушыларын түгелдей бірыңғай картамен қамту жоспарланған. Бүгінгі күні Алматыда 200-ден астам мектеп бар.

«Бұл жоба 2019 жылы сынақтан өтті, оны эпидемиологиялық ахуал жақсарып, мектеп асханалары ашылған кезде іске қосу жоспарланып отыр», - деп хабарлады басқармадағылар.

Айта кетейік, пилоттық жоба 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың ақпанына дейін №92 мамандандырылған лицейінде сәтті жүзеге асырылды.

Ақпарат көзі: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.