Алматыда аудан әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулері жалғасуда. Бүгін есеп беру кездесуінің барысында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов өткен жылды қорытындылап, ауданды дамыту жоспары туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Екі сағаттық тікелей эфир барысында аудан әкімі қалалықтардың 65 сұрағына жауап берді. Барлығы 405 сауал келіп түсті, барлық жауапсыз сұрақтар бойынша аудан әкімдігі жедел түрде ақпарат беретін болады.
«Әуезов ауданы халық әлдеқайда тығыз шоғырланған аудан болып табылады. Сондықтан да біздің барлық жобаларымыз халыққа қолайлы орта жасау үшін және жаяу жүргіншілер аймағын дамытуға бағытталған», — деді С. Сайфеденов.
«Бюджетке қатысу»
Аудан тұрғындарының ұсынысы бойынша «Бюджетке қатысу» жобасы аясында ауданда бес жоба іске асырылды. Өткен жылы 205 аула жөнделді. Ағымдағы жылы «Бюджетке қатысу» бойынша жалпы сомасы 800 млн тг 22 жоба жоспарланған. Сонымен қатар, 2021 жылы Ақсай — 2, Ақсай — 4 және Елемесов көшелеріндегі гүлзарларды абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Таугүл шағын ауданында халықтың демалуы мен бос уақыттарын өткізуге арналған орындардың жоқтығын ескере отырып, Шалов көшесінің бойында жайлы орта құру үшін қосымша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Әлеуметтік нысандар құрылысы: қолжетімді білім және денсаулық сақтау
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен аудан аумағында мектептердегі оқушылар орнының тапшылығын азайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Мамыр шағын ауданында 1200 орынға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. №123 мектептің 400 орынға арналған жапсарлас құрылысы аяқталды. 30 мемлекеттік балалар бақшасында ағымдағы жөндеу жүргізілді. 316 орынға арналған 9 жекеменшік балабақша ашылды. Сонымен бірге, жалпы саны 3600 орынға арналған 5 мектептің негізгі ғимараттарына қосымша жапсарлас құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, колледж бен екі бөбекжайдың жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
18-емханаға тіркелген халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін биылғы жылы Мамыр шағын ауданында 200 адамның келіп қаралуына арналған дәрігерлік амбулаторияның ЖСҚ әзірлеу аяқталады.
Жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру және көгалдандыру
Ұзындығы 27,9 км 51 көше бойынша орташа жөндеу жүргізілді, бұдан басқа, магистральдық көшелер мен өтпелі жолдар бойынша жол төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер аймақтары мен өтпелі жолдардың асфальт жабынына ағымдағы жөндеу жүргізілді».
Бірнеше ауданда кәріздік жүйе олар құрылғаннан бері болмаған. С. Сайфеденов 2020 жылы ұзындығы 5500 км болатын 9 көшеде кәріздік жүйелердің құырылысы аяқталғанын атап өтті. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады.
Ауданда 3563 көше шамдары жаңартылды, 2543 жаңа жарық нүктелері орнатылды. Ауданның жарықтандырылуы 93% құрайды.
Аудан аумағында 260 мың жасыл желек бар. Өткен жылы 3 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Жұмыспен қамту
Халықты жұмыспен қамту мақсатында ауданда мемлекеттік және басқа да бағдарламалар белсенді жүзеге асырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша ауданда 3500 жұмыс орнын құрумен 44 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 224 адамды жұмысқа орналастырумен 48 жоба мақұлданды. «Еңбек» бағдарламасы аясында 7335 азамат түрлі салаларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды. «Бизнес бастау» жобасы бойынша 384 адам онлайн оқудан өтті, оның 34-і 88,5 млн тг сомасында гранттар алды
Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында Әуезов ауданында 13 жоба іске асырылды. Осындай жобалардың бірі — «ELAB Asia» цифрлық орталығы, ол көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне цифрлық технологиялар дағдыларын зерделеуді және робототехниканы меңгеруді ұсынады. Ауданда сондай-ақ «киіз бұйымдар» шеберханасы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау бойынша «Qarqyn ALA» жобасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Әлеуметтік аспаздықты» және «Әлеуметтік тігін цехын» жүзеге асыру үшін аудан базарларында 4 тегін орын берілді.
Әлеуметтік қолдау шараларымен 26 979 адам қамтылып, 6052 адам қайырымдылық көмек алды.
Ескі баспана
Тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелердің бірі ескі және апаттық жағдайдағы көпқабатты тұрғын үйлер. Ауданда бұл санатқа 94 үй немесе 852 пәтер жатады.
Бүгінгі таңда «Ескі тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1959-60 жылдары салынған (каркасы — қамысты, кірпіш) 18 КПТҮ (195 пәтер) бұзылды. 8 КПТҮ (754 пәтер) салынды, ағымдағы жылы тағы бір үйді (99 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда. Қосымша 4 КПТҮ (209 пәтер) арналған жоба әзірленуде.
Тұтастай алғанда, жобаны іске асыру 8 кезектен тұрады, оның тетігі тұрғындарды көшіру және ескі үйлерді бұзу арқылы ескі кварталдарды кешенді қайта жаңартуды көздейді.
Бес жыл ішінде 185 үйде 336 лифт ауыстырылды
Үйлердің коммуналдық шаруашылық жағдайын жақсартуға келетін болсақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында а. ж. жоспарында 48 КПТҮ-де 100 лифт жабдықтарын ауыстыру қарастырылған. Сонымен қатар, 30 КПТҮ шатырына күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған. Соңғы бес жылда мемлекеттік бағдарламалар аясында 185 үйде 336 лифт ауыстырылды, 105 КПТҮ шатырға жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы 46 үйде 85 лифт жабдықтары ауыстырылып, 14 үйдің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі