Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

27 үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылды – әкім Б. Сағынтаевтың тапсырмасы Жетісу ауданында қалай орындалуда

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халықпен есептік кездесу өткізілгеннен кейін Жетісу ауданында жеке секторды газбен жабдықтау жүйесіне қосу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді. Өткен жылы 27 үй қосылды. Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 5 отбасына газ аудан әкімдігі тартқан демеушілердің қолдауымен қосылды.

«Өздеріңіз білесіздер, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастамшылық етіп, Halyk Bank қолдаған бағдарлама бар. Бұл газбен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін тұрғындарға бөліп төлеу мүмкіндігімен пайызсыз несие беріледі», — деді Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева.

Аудан әкімінің айтуынша, аталған бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

«Азаматтар Halyk Bank арқылы пайызсыз несие алып газға қосыла алады. Ай сайын үй иелерімен жеңілдетілген газдандыру бағдарламасына тарту бойынша жұмыс жүргізіледі. Алайда қосылмаудың негізгі себептері – жағымсыз несие тарихы, қараусыз қалған үйлер, жалға алушылар және меншік иелерінің құлықсыздығы», — деп жауап берді Г. Көкебаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі мегаполис аумағында газбен жабдықтау жүйесіне қосылуды қажет ететін халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 210 үйді анықтаған болатын. Аудандық әкімдіктер қосымша 30 үйді анықтап, нәтижесінде Halyk Bank-ке 92 мекенжайдың тізімі берілді. Аталған тізім бойынша Halyk Bank тұрғын үйге дейін газ жеткізуді, сондай-ақ қажетті жабдықты орнатумен бірге барлық қажетті газ коммуникацияларын қосуды қаржыландырады. ХӘОТ санатына кірмейтін қалған алматылықтар үшін 0%-пен несиелендіру қолжетімді.

Халықты 0%-пен несиелендірудің арнайы әзірленген бағдарламасына сәйкес (Алматы қаласы әкімдігінің тізімі бойынша жеке массивті газдандыру) келесі шарттар ұсынылады:

- сыйақы мөлшерлемесі – 0%;

- қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия – 0,1%;

- несиелеу мерзімі – 18 айға дейін;

- бір жеке тұлға үшін қарыз сомасы – 309 000 теңгеден аспайды.

Пайызсыз несие алу үшін азаматтарға келесі қадамдардан өту керек:

- кеңес алу үшін аудандық әкімдіктерге қажетті құжаттармен жүгіну;

- газ қосу үшін техникалық шарттарды алу және жеткізушілермен шарт жасау;

- несие алу үшін келісімшартпен бірге Halyk Bank-тің екі бөлімшесінің біріне бару:

  • Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2, Halyk Bank, 131 832 бөлімше;
  • Әуезов ауданы, Жетісу-4 ы/а, 13 «А», Halyk Bank, ЦПС 30

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.