2021 жылдың 5 қаңтар күні сағат 17.45-те Алматы өңірінде электр қуаты өшіп қалды.
KEGOK АҚ-қа тиесілі «Солтүстік-Оңтүстік-Шығыс» үш 500 кВ электр беру желісін авариялық тоқтату нәтижесінде жүйенің авариялық автоматты жабдықтары өшірілді. Жүйелік апаттық басқарудың автоматикасы Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудан ажыратты.
Тұтынушылардың ажыратылған жүктемесі 460 МВт құрады.
«Солтүстік-Оңтүстік-Шығыс» 500 кВ электр жеткізу желісін қосқаннан кейін, жүйелік оператордың бұйрығымен сағат 18.00-де апаттық бригадалар ажыратылған тұтынушыларды біртіндеп желіге қоса бастады.
19.40-та Алматы қаласының барлық тұтынушыларына электр қуатын тарату қалпына келтірілді.
Қалпына келтіру жұмыстарын «Алатау жарық компаниясы» АҚ жүргізді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі