Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда шектеулер мен жеңілдіктер бойынша бизнес салаларымен жедел талқылау ұйымдастырылды

Алматыда карантин шараларын бұзу фактілерін тіркеу жалғасуда. Мониторингтік топ 2020 жылдың 8 қазанынан үстіміздегі жылдың 2 қаңтарына дейін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 107 млн теңгеден астам сомаға 997 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. 17 материал сотқа берілді, бірқатар кәсіпкерге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және олардың қызметі 1,3 айға тоқтатылды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде бизнес қоғамдастықты санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

«Кәсіпкерлік нысандарына 7000-ға жуық тексеру жүргізілді, нысандардың бір бөлігі санитарлық нормаларды бұзған. Сонымен қатар біз ынталандыруға және алдын алу шараларына көбірек көңіл бөлеміз. Соңғы екі айда біз Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерімен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз кәсіпкерлердің жекелеген топтарына заңнаманы түсіндіру үшін тікелей эфирлерді ұйымдастырып жүрміз. Өнеркәсіптік ұйымдармен, қоғамдық тамақтану ұйымдарымен, сауда орталықтарымен, сауда ойын-сауық дүкендерімен, супермаркеттермен және т. б. осындай кездесулер өткізілді. Яғни, шектеулерге ұшыраған әрбір топпен біз белгілі бір жұмыс жүргіземіз», — деп атап өтті ол.

Айтуар Қошмамбетов қаланың бас санитар дәрігерімен жедел байланыс орнатылғанын атап өтті.

«Бас санитар дәрігер қаулысының жобалары тек жоба сатысында болған кезде, біз осы шектеулер мен жеңілдіктерге қатысты бизнес салаларымен жылдам талқылау ұйымдастырамыз. Сондай-ақ мониторингтік топтардан басқа біз санитарлық қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша арнайы топ құрғанымызды ерекше атап өткім келеді. Оған біздің 12 маманымыз кірді, 300-ден астам ірі сауда және өнеркәсіп нысанын аралап шықтық және әрқайсысымен айыппұлдардың болмауы үшін қандай нормаларды сақтау керектігін түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл ретте арнайы топтың қолданыстағы заңнаманы түсіндіру жөніндегі жұмысы тек ұсыным жасау сипатына ие. Қазір біз бизнесті барлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Бұрын айтып өткеніміздей, бізде қаңтар айынан бастап пилоттық жоба жоспарлануда — жабық қалған 9 сала қызметінің барлық түрлері пайдалануға берілмек және олар үшін алгоритмдер жеке әзірленетін болады. Барлығы мемлекет пен бизнес арасындағы адалдық пен сенім қағидаттарына негізделетін болады. Сондықтан біз қолданыстағы нормаларды толығымен сақтауға шақырамыз және біз тиісті келісімдер аясында барлық қызмет түрлерін біртіндеп іске қосамыз», — деді ол бизнеске.

Қала кәсіпкерлерін коронавирустық инфекция бойынша тұрақты жағдайды сақтау мақсатында қолданыстағы нормаларды толық бұзбауға шақырады. Егер санитарлық шаралар дұрыс сақталса, кәсіпкерлерге жабылу мен айыппұлдарды болдырмауға болады.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавируспен ауырған адамдар 18 847 адамды құрайды, оның ішінде 17 309 адам сауығып, 389 адам қайтыс болғанын еске саламыз. 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.