Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Қала сары аймақта орналасқан. Жаппай іс-шаралардан бас тартуды сұраймыз — Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтарды мегаполистегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан және оларға барудан аулақ болуға шақырды.

Сонымен қатар, ол жаппай іс-шаралар үшін үй-жайларды жалға беруге тыйым салынатынын атап өтті.

«Қызметіне тыйым салынған және шектеулерді бірнеше рет бұзған мекемелердің иелері ғана емес, сондай-ақ тыйым салынған қызмет түрлерін ұйымдастыру үшін үй-жайларды жалға беретін кәсіпкерлер де жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ қызметіне тыйым салынған мекемелерге баратын жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Тұрғындарға бұл мекемелерге бармауға кеңес беремін, өйткені сізден ол жерден кетуіңізді сұрайды, екіншіден, сіз жауапкершілікке тартыласыз», — деді Ж.Бекшин.

Әлемдегі жағдайдың ушығауын, қалада аурудың көбеюін ескере отырып, ол тұрғындарға шектеу шаралары мен өзіндік тәртіп сақтаудың маңыздылығын еске салды.

«Ауру-сырқау көбеюде, қала сары аймақта орналасқан, сондықтан әр түрлі бұқаралық іс-шаралардан, сонымен бірге ашық далада өтетін шаралардан да қалыс қалуды сұраймыз. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады. Біз балалар мен ересектердің көп жиналатын жерлерде болуын шектеуге және байланыс жасауларын болдырмауға тырысып жатырмыз. Біз қазір Англияда, Испанияда, Еуропада болып жатқан жағдайларды есте ұстауымыз керек», — деп атап өткен ол тұрғындарды алдын-алу шараларын сақтауға шақырды.

Ағымдағы жылғы 23 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы қаласындағы эпидемиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Жыл басынан бері аумақта коронавирустық инфекцияның 17 790 жағдайы, сондай-ақ а. ж. тамыз айынан бастап 1349 анықталмаған пневмония жағдайлары тіркелген.

Қыркүйек айындағы тыныштықтан кейін КВИ ауруының өсуі (165 жағдай) қазан айынан бастап байқалады, онда 366 жағдай, қараша айында — 1399 жағдай және желтоқсан айының 23 күнінде — 1635 жағдай тіркелген.

Желтоқсан айында аурудың 1,1 есе өсуін ескере отырып, КВИ тіркелу болжамы:
- 1 апта — 420 жағдай,
- 2 апта — 460 жағдай,
- 3 апта — 510 жағдай,
- 4 апта — желтоқсан айындағы қорытынды мәні бар 560 жағдай оптимистік болжам бойынша 1900 жағдай және пессимистік болжам бойынша КВИ-дің 2100 жағдайын құрайды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.