Бұл туралы Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мегаполисте «Шетсіз қала» қағидатын ескере отырып, бүкіл қала бойынша сапалы және қолжетімді білім беру қызметтерін ұсыну бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.
Орта білім беру саласында апатты мектептерді жою мен үш ауысымды оқуды болдырмау мәселесі ерекше бақылауда.
Мысалы, Түрксіб ауданындағы №59 мектеп-гимназия (1939 ж. салынған) апаттық жағдайда деп танылған. Қазіргі уақытта қолданыстағы ғимаратты қайта салу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, ал құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылы басталады.
Алатау ауданындағы №196 жалпы білім беретін мектепте оқушылар саны артқаны атап өтілді.
«Қазір қашықтан оқу кезінде бұл мәселе айтарлықтай өзекті болып тұрған жоқ, алайда мектептің жұмысы штаттық режимде қайта басталғанда үш ауысымда оқу жоққа шығарылмайды. Сондықтан „Жұмыспен қамтудың жол картасы“ аясында осы мектептің орнына 2021 жылы 1500 орындық жаңа мектеп салынады», — деп хабарлады ол.
Сонымен қатар, аудандар бөлінісінде жүргізілген талдау кейбір жағдайларда орын тапшылығы жасанды түрде туындап отырғанын көрсетті. Басқарманың мәліметінше, ата-аналар балаларын гимназияда беруді жөн көретіні және жалпы білім беретін мектептерде орын профициті пайда болу мысалдар бар. Осыған байланысты аудан басшыларының жұмысын күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі