Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы мектептеріндегі орын тапшылығы 73%-ға азаяды

Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша орын тапшылығын шешу үшін 2025 жылға дейін білім беру нысандарын үдемелі салу бағдарламасы әзірленді.

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен өткен алқа отырысының барысында мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу барысы қаралды.

Қазіргі уақытта қалада 276 мектеп жұмыс істейді, онда 288 мыңнан астам бала оқиды. Пандемияға қарамастан, контингент 12 мың балаға артты, оның ішінде 1-ші сыныпқа 27 мыңнан астам бала қабылданды

«Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша осы мәселені кезең-кезеңмен шешу үшін 2025 жылға дейінгі білім беру нысандарын үдемелі салу бағдарламасы арнайы әзірленді», — деп атап өтті Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Атап айтқанда, келесі шаралар қабылдануда:
— «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 2022 жылға дейін 12 600 орындық 8 мектеп және 6550 орынға арналып мектептерге жапсарластыра 13 қосымша құрылыс салу жоспарлануда;
— жеке инвестициялар есебінен ағымдағы жылы 1 390 орынға арналған 2 жеке меншік мектептің құрылысы аяқталды және 900 орындық тағы 2 жеке меншік мектептің құрылысы жалғасуда;
— Бюджеттік-инвестициялық жоба есебінен Алатау ауданының Зерделі шағын ауданында 600 орындық мектеп салу жоспарлануда және 1838 орынға арналып 4 жапсарлас құрылыс жүргізілуде.

«Алғашқы жаңа білім беру нысандарын 2021-2022 оқу жылының басында пайдалануға беру және сол арқылы мектептердегі орын тапшылығын 73%-ға төмендету жоспарлануда», — деп хабарлады Л. Жылқыбаева.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.