Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы көшелерінен 230 текше метр қар шығарылды

Алматы қаласында 20 желтоқсан күні сағат 13.30-да жауа бастаған қар үзіліспен сағат 21.00-ден әлі де жалғасуда. 21 желтоқсан сағат 6.00-дегі жағдай бойынша қалаға 6 см-ге дейін, таулы аймақтарға 8-10 см қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 4100 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Жаяу жүргіншілер аймақтары мен таулы аудандарда қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Таңғы сағат 6.00-де 230 текше метр қар қар үйінділеріне шығарды.

21 желтоқсанға 596 техника бірлігі және 1610 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін ауа температурасы күндіз -6, кешке қарай -8, қар күннің бірінші жартысында тоқтайды.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.