Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда Халықаралық валюта қорының аймақтық орталығы ашылады

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева мен Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев онлайн рәсім барысында Алматы қаласында ашу жоспарланып отырған Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетті дамытудың аймақтық орталығын (бұдан әрі – Аймақтық орталық) қолдау бойынша келісім хатқа қол қойды.

Қазір әлемде осындай 16 орталық жұмыс істейді, соңғысы Қытайда 2018 жылы ашылған. Қазақстандағы аймақтық орталық өңірде бірінші және Халықаралық валюта қорының адам әлеуетін дамыту бойынша 17-ші орталығы болады.

Орталықты құрудағы мақсат – аймақта әлеуетті дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру және іске асыру. Сондай-ақ 9 елмен (Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) және түрлі қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау.

Аймақтық орталық техникалық көмек көрсету және воркшоптар мен семинарлар өткізу жолымен макроэкономикалық және қаржылық, ақша-кредит саясаты, қаржы секторындағы реттеу мен қадағалау, статистика, құрылымдық реформаларды әзірлеу мәселелерінде өңірдің әлеуетін дамытуға шоғырланады.

Аталған орталықты құру – аймақтың кәсіби дамуы мен жалпы ынтымақтастыққа негіз болатын сапалы адам капиталына салынған инвестиция. Орталықтың жұмысы кәсіби тәжірибе алмасуды тереңдетуге және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

ХВҚ Қазақстанда аймақтық орталықты орналастыру туралы шешім Қазақстан, Өзбекстан мен Грузияның өтінімдерін қарастырғаннан кейін 2019 жылы қазан айында қабылдағанын еске саламыз.

Ақпарат көзі: nationalbank.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.