Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар. Стационарларда 3 862 науқас жатыр. 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 237 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 137 жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 65 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 43 635, өлім жағдайлары - 462, барлығы 31 282 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК