Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 986 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 003 бала бар. Стационарларда 3 747 науқас жатыр. 10 239 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 231 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 33 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 215 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 109 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 43 339, өлім жағдайлары - 456, барлығы 31 141 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК