Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда жеке сектордың 99%-ы газбен қамтылған

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жеке секторды газбен қамту туралы айтты.

Бүгінгі күні қала тұрғындарының 99%-і газбен қамтамасыз етілген. 1848 үй, оның ішінде әлеуметтік жағынан осал топтарының 48 үйлері әлі де газға қосылмаған.

Басқа қосылуға мүмкіндігі бар 1646 үйдің 529 үйін қосу бойынша жұмыстар жүруде.

Газбен жабдықтаудың сыртқы желілерінің болмауы салдарынан 202 үй қосылған жоқ. Олардың мекенжайлары «ҚазТрансГаз» АҚ АлӨФ-ге Инвестициялық бағдарламаны құру жұмыс жоспарына қосу үшін берілді.

Осы жылдың басында біз Халық банкімен бірге газға қосылуға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын бастадық. 18 айға дейінгі мерзімге газға қосылу үшін 300 мың тг дейін пайызсыз және кепілсіз несие алуға мүмкіндік беріледі.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандарға газ жабдықтарын алу және монтаждау жұмыстарына кеткен шығындардың 100% мөлшерінде өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі. 1 қарашадағы жағдай бойынша 31 меншік иесіне 5,5 млн тг көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.