Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматының арнайы Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрілік препараттан тұратын азайтылмайтын қор құрылды

ОКҚ алаңында өткен брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі клиникалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығын ескерту шаралары туралы айтты

Б. Сағынтаевтың мәліметінше, тұрақтандыру қорын құру үшін 10 млрд тг бөлінді. Оның 5 млрд тг ауруханалар мен емханаларды дәрі-дәрімекпен қамтамасыз етуге, 5 млрд тг дәріханаларды дәрілік препараттармен үздіксіз қамтамасыз етуге арналған. Бүгінгі таңда 68 атау бойынша азайтылмайтын ең төменгі қор 8 млн дәрілік препаратты құрайды.

Сонымен бірге, жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры құрылған. 4,7 млн ЖҚҚ бар, «СК-фармациядан» 4,6 млн ЖҚҚ келіп түсуі күтілуде. Сонымен қатар, қалада күнделікті қуаты 1 млн бірлікті құрайтын медициналық бетперделер өндірісі жолға қойылған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.