Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр. 7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 220 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 26 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 158 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды.. Бір тәулік ішінде 55 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 40 848, өлім жағдайлары - 424, барлығы 29 869 адам сауығып шықты
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК