Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 162 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 458 бала бар. Стационарларда 3 041 науқас жатыр. 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 217 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 16 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 48 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 24 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 40 197, өлім жағдайлары - 420, барлығы 29 580 адам сауығып шықты
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК