Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы полициясында қылмыстың азайғаны туралы мәдемделді

Алматы қаласының Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қалада барлық бағыттар бойынша қылмыстың 47,5%-ға азайғанын хабарлады. Бұл туралы ол Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында хабарлады.

Брифинг барысында Департамент басшысы қалада жағдайдың бақылауға алынғанын және тұрақты екенін атап өтті.

«Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша қалада қылмыс саны барлық бағытта 47,5% азайды. Атап айтқанда: қарақшылық шабуыл – 2,0 есеге; зорлау – 2,1 есеге; тонау – 2,2 есеге; бөтеннің мүлкін ұрлау – 2,4 есеге; пәтер ұрлығы – 3,0 есеге; көлік ұрлығы 2,6 есеге; көлік ішінен ұрлау фактісі – 37,5 есеге; көлік қапталындағы айналардың ұрлануы – 2,5 есеге; бұзақылық – 2,1 есеге; алаяқтық – 22,5 есеге төмендеді. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда орын алатын құқық бұзушылық 2,9 есеге;
көшелерде 3,5 есеге; кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылық – 35,3%-ға; ұйымдасқан топ – 18,9%; бұрын жасағандар 17,5%; отбасылық тұрмыстық салада 32,4% азайды»,
— деп ақпараттандырды Қанат Таймерденов.

Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 11,6% жақсарғаны хабарланды:
— қарулы қарақшылық шабуыл 6,6%;
— бөтеннің мүлкін ұрлау 6,9%;
— пәтер тонау 12,6%;
— тонау 19,9%;
— өзгенің көлік құралдарын ұрлық ниетінсіз иемдену 5,6%;
— бұзақылық 13,6%;
— алаяқтық 6,7%.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.