Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Цифрлық сауаттылық мектебі, жаңа аулалар мен спорт алаңдары — Б. Сағынтаев Әуезов ауданының дамуы туралы

Алматы әкімі жұмыс сапары кезінде Әуезов ауданында жүзеге асқан әлеуметтік жобалар мен спорт нысандарының құрылыс барысымен танысты.

Қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қалалықтардың әкімдік алдына әлеуметтік, білім және спорт нысандарының қолжетімді болуы туралы мәселе қойғандарын атап өтті.

«Әуезов ауданының қараусыз жатқан скверлер мен көшелер бойындағы учаскелерінде биыл 10 спорт алаңы салынса, тағы 50-і аулаларды жөндеу кезінде бой көтерді. Бұл ретте балаларының спортпен шұғылданатынына мәз болған тұрғындар ендігәрі балалар үшін алаңсыз екендіктерін айтуда. Түрлі жекпе-жек пен спорттың ойын түрлерінен тегін секциялар ашылып, жұмыс істеуде», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Ол өзінің сөзінде elab.asia білім орталығында 115 курста цифрлық сауатттылық бойынша сабақ өтетінін, оның ішінде киберқауіпсіздік, бағдарламалау мен роботтехникасы да бар екенін айтты.

«Қалаға қажет бірлескен оқу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырамыз. Ауданның жастар ресурстық орталығында кеңестер беріліп, волонтерлік жұмыстар ұйымдастырылады», — деді қала әкімі.

Qarqyn.ala қайырымдылық жобасы мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған. «Бақытты отбасы», Іскер Ана бағдарламалары — көпбалалы аналарға көмектесуге бағытталған әлеуметтік жобалар.

«Түрлі қолдау тетіктерінің арқасында олар өздерін қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын құрып, өз істерін дөңгелетіп отыр», — деп атап өтті мегаполис әкімі.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев абаттандыру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу жөніндегі мәселелердің шешілу барысын тексеру мақсатында аудандарға жасаған жұмыс сапарларын аяқтайды. Бұрын халықпен есеп беру және жұмыс кездесулерінде осы мәселелер айтылған болатын. Жобалар «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында «Шетсіз қала» қағидатына сәйкес «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бюджетке қатысу» және т. б. бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.