Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Дәріханаларда санитарлық нормаларды сақтау және электрондық рецептілерді жазып беру — Алматыда дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету мәселелері туралы айтылды

Алматы қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедяров пен ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова қатысты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес дәріхана ұйымдарында қағаз рецептілердің сақталу мерзімі енді күнтізбелік 30 күнді құрайтынын хабарлады. Осылайша, рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді электронды форматта да, қағаз түрінде де шығаруға рұқсат етіледі.

«Енді бізде дәріханаларда дәрі-дәрмектерді интернет арқылы, мобильді қосымшалар арқылы жіберуге мүмкіндік бар. Қағаз рецептілер дәріханаларда 30 күн, мобильді түрі – карантин немесе төтенше жағдай режимінен кейін тағы 30 күн сақталады, егер ол жарияланса», — деп хабарлады М. Дурманова.

Сондай-ақ, спикерлер рецептте дәрігер мен пациенттің аты-жөні көрсетілуі керек екенін еске салды.

«Бас мемлекеттік санитар дәрігердің №36 Қаулысымен бізде дәріхана ұйымдарында қашықтық режимін сақтау, коронавирус инфекциясының алдын алу және емдеу үшін қажетті дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы өнімдер мен дезинфекциялық құралдардың болуы, сауда залының есіктерін өңдеу және жұмыс күні бойы сауда залын тұрақты түрде желдету қажеттілігі қарастырылғанын, сондай-ақ дәрілік препараттарды беру (босату) кезінде тұрған дәріхана ұйымдарының қызметкерлері үшін ЖҚҚ қоры болуы қажет екенін еске салғым келеді», — деп атап өтті Марина Дурманова.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.