Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда дәрі-дәрмектер мен маскалар бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат Мұхамедияров дәрі-дәрімектер мен медициналық өнімдер бағасының өсуіне жол бермеу шаралары туралы айтып берді.

Шілде айының ортасынан қыркүйек айының соңына дейінгі кезеңде құқық қорғау органдары Департаменттің қатысуымен қала бойынша дәріхана ұйымдарына дәрілік заттардың бағасын көтеруге тексеру жүргізді. Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша жалпы сомасы 28 млн теңгеден асатын 156 айыппұл салды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары тексеру жүргізгеннен кейін бүгінгі күні жағдай тұрақты — соңғы айда дәрілік заттың бағасын көтеруге қатысты бір ғана өтініш келіп түсті. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

«Дәріхана ұйымдары бағаны Денсаулық сақтау министрлігінің бөлшек сауда бағалары туралы бұйрығына сәйкес келтіреді. Сондай-ақ нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, коронавирус инфекциясын емдеу және алдын-алу үшін дәрі-дәрмектерді бір реттік әкелу рәсімі жеңілдетілді. Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер сапасының қауіпсіздігіне бағалау жүргізу мерзімі енді 3 жұмыс күнін құрайды», — деп атап өтті М. Мұхамедияров.

Мұның бәрі дәрілік заттарды қайта тіркеуді тоқтатпау үшін жасалған, сонымен қатар дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің жедел сараптамасы қарастырылған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.