Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматыда өткен демалыс күндері мониторингтік топтар 90-ға жуық нысанды тексерді

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен мониторингтік топтар карантин шараларының сақталуын бақылау бойынша күшейтілген жұмыстарды жалғастыруда.

Алматы қаласы бойынша 26 мониторингтік топ ұйымдастырылған. 31 қазаны мен 1 қараша аралығында 89 тексеру жүргізіліп, 8 нысанда бұзушылықтар анықталды:
- Алмалы ауданы — Абылай хан даңғылы, 46 мекенжайындағы кальян — қызметіне уақытша шектеу енгізілді.
- Әуезов ауданы: Төле би, 305б мекенжайындағы «Синойл» ЖЖҚБ, Ақсай-2 ш/а, 13-үй мекенжайындағы «Әбдіжәмил» дүкені — маска режимінің бұзылуы;
- Түрксіб ауданы: Ақан Сері көшесі, 38 мекенжайындағы «Гранд Опера» дәмханасы — 23.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы; Жансүгіров көшесі, 283 мекенжайы бойынша «Адиля» дәмханасы банкет өткізілген; Ақан Сері көшесі, 33 мекенжайындағы «Прованс» дәмханасы — 23.00-ден кейін караоке жұмыс істеген.
- Наурызбай ауданы — «Сұлтан сарайы» мейрамханасы, «Халва» дәмханасы — 23.00-ден кейін жұмыс режимінің бұзылуы;
- Жетісу ауданы — Бөкейханов, 508 мекенжайындағы «Сәлем» базары — кіреберісте дене қызуына өлшеу жүргізілмейді, қызметкерлер маска режимін сақтамайды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша заңды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚбт Кодекстің 425-баптың 1-бөлімі бойынша шаралар қабылданады.

Маска режиімін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚбтК-тің 425-бабының 1-бөлімі бойынша 22 хаттама толтырылды.

Алматы әкімдігі меншік формасына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілерінен, сонымен бірге, мегаполис тұрғындары мен қонақтарынан санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын бұзбауды өтініп сұрайды. Жекелей алғанда, маска режимін, 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупіне байланысты қызметіне тыйым салынған мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға барудан сақтану керек.

Шектеу шаралары мен санитарлық талаптар жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда, материалдар аумақтық прокурорларға құқықбұзушыларды ҚР ӘҚбтК-тің 462-бабының 3-бөлімі бойынша жауапқа тартып, іс қозғау үшін сотқа берілетінін еске саламыз. Заңнамаға сәйкес, бұзушыларға ұйымның қызметін тоқтатуға дейін жауапкершілік қарастырылған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.