Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ержан Бабақұмаров пен Аружан Саин жетім балаларға арналған мамандандырылған кешен тәрбиеленушілерінің өмір сүру және оқу жағдайымен танысты

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ҚР-ғы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, қоғам қайраткері А. Саин және қалалық Білім басқармасының басшысы Л. Жылқыбаевамен бірге жетім балаларға арналған мамандандырылған «Жанұя» кешеніне барды.

Жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешенінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оқыту мен тәрбиелеу режимі бар балалар және мүмкіндігі шектеулі балалар оқиды.

Кешенді аралау барысында балалардың тұру жағдайын жақсарту, сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін оқу материалдарымен жабдықтау мәселелері талқыланды. Мекеме тәрбиеленушілерінің дұрыс тамақтануы мәселелеріне жеке назар аударылды.

Мекеме аумағында балалар мен қызметкерлердің жұқтыруын болдырмау мақсатында санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақталуы және барлық қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тексерілді.

Жиын қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров Білім басқармасы мен мамандандырылған мекеме басшылығына «Жанұя» кешенінде оқитын жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.