Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы мұғалімдері 10 қарашаға дейін қосымша ақыларын алады

Алматы әкімдігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу мәселесін шешті.

Алматы қаласы білім Басқармасының хабарлауынша, республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу мәселесі ҚР Білім және ғылым министрлігімен пысықталды.

«Тапшылық – педагогикалық мөлшерлеменің айтарлықтай өсуіне байланысты қалыптасты. Педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеуге бөлінетін қаражат республикалық бюджетте қаралуда», — деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда қаланың 8100 мұғалімі жергілікті бюджет қаражаты есебінен педагогикалық шеберлігі үшін 25 пайыздық қосымша ақы алды. Бұған дейін хабарланғандай, барлығы 15 мыңға жуық мұғалімнің алатын төлемдері кешіккен.

Қаланың білім Басқармасы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуге өтінім берді. Өтініш расталды және жақын арада, 10 қарашаға дейін, қалған мұғалімдер тамыз-қыркүйек айларына қосымша ақы алады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.