Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Б. Сағынтаев Зерделі ықшамауданындағы жағдайды бақылауында ұстауда

Алатау ауданына жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев осы ықшамаудан тұрғындарымен кездесті және үйлерді тексеру әрі нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов хабарлағандай, Алматы әкімі Б. Сағынтаев тұрғындарды барлық үйлердің тексерілетініне, қажет болған жағдайда нығайтылатындығына сендірді. «Қаржы бөлінді, жұмыс жүріп жатыр», — деді мегаполис әкімі.

Сонымен қатар, Б. Сағынтаев ағымдағы жөндеу жұмыстарына және ықшамаудан аумағын абаттандыруға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбековке тиісті тапсырмалар берілді.

2016 жылы 6 үйдің іргетасы нығайтылды (1/136, 1/148, 1/170, 1/153, 1/156, 1/158). Күшейту және тегістеу жұмыстары кепілдік міндеттемелері аясында мердігерлердің қаржысы есебінен жүргізілді. Биылғы жылы әкімдіктің тапсырмасы бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары қалған 24 тұрғын үйдің іргетастары мен тіреуіш құрылымдарына сараптама жүргізуде.

Бүгінгі күні 7 үйді нығайту туралы қорытындылар алынды, оның ішінде 4 үйде іргетастарын нығайту (1/160, 1/161, 1/179, 1/180) жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде 3 үй (1/165, 1/167, 1/168) нығайтылуда. Қалған 17 үйге сараптама жүргізілуде, оның аяқталу мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айы. Қорытынды алынғаннан кейін, қажет болған жағдайда нығайту жұмыстары жүзеге асырылады.

Зерделі ықшамауданында 30 көппәтерлі 9 қабатты тұрғын үй 2012-2016 жылдары салынған болатын.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.