Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мониторингтік топтар: Алматыда бір күн ішінде тексерілген 71 нысанның 17-нен бұзушылықтар анықталды

Алматыда мониторингтік топтар мегаполис аумағында карантиндік шаралардың сақталуын бақылау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Алматыда құрамына аудандық әкімдік қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, «Атамекен» ҰКП өкілдері және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармалары енген 26 мониторингтік топ қызмет ететінін еске саламыз.

28 қазанда 71 мониторингтік шара өткізілді, бұзушылықтар 17 нысаннан анықталды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар аумақтық медициналық ұйымдарға жолданды.

Жекелей алғанда, Алатау ауданының мониторингтік топтарымен Әйгерім шағын ауданында «Заман» дүкенінде, дәмханада және дәріханада, Бөкеев көшесінің бойындағы «Соня» дүкенінде маска режимінің сақталмауы, қолды өңдейтін санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелердің болмауы сияқты карантин режимін бұзу фактілері анықталды.

Алмалы ауданындағы мониторингтік шаралардың барысында Қарасай батыр көшесі,193 бойынша «Рюмочная Бавария» дәмханасында жұмыс режимінің бұзылуы анықталды. Розыбакиев көшесі, 214, а мекенжайы бойынша кальян қызметіне уақытша шектеу енгізілді.

Әуезов ауданында заңсыз қызмет анықталып, Жандосов көшесі, 59 мекенжайы бойынша «Москва» бильярд клубының жұмысына уақытша шектеу енгізілді. Сонымен бірге 11 шағын аудандағы лото клубтың қызметі тоқтатылды.

Жетісу ауданында мониторингтік жұмыс қорытындысы бойынша Абылай хан даңғылы бойындағы «Ас-Жол» дәмханасы және Райымбек даңғылы бойындағы «Лион» компьютер клубының қызметіне уақытша тыйым салынды.

Наурызбай ауданының мониторингтік топтары «Хозяюшка» дүкені мен «Птичка» кофейнясынан маска режимінің сақталмауы, қолды өңдейтін санитайзерлердің жоқтығын анықтады.

Шектеу шаралары және санитарлық ережелерді жүйелі және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар құқықбұзушыларды Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тарту және іс қозғап, сотқа беру үшін аумақтық прокурорларға берілетін болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.