Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болып Айдар Беркімбаев тағайындалды.

Айдар Беркімбаев 1970 жылы туған. Қазақ спорт және туризм академиясын, «Арна» университетін, Алматының Энергетика және байланыс институтын тәмамдаған.

Түрлі жылдары жеке құрылымдарда басшылық лауазымдарда болған, «Алматы электр станциялары» АҚ бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

2018 жылдан 2019 жыл аралығында Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған.

2019 жылдың қазан айынан бүгінгі тағайындауға дейін «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-нің бас директоры болып қызмет атқарған.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.